Ағымдағы жылдың 21 қазанында Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық сараптама
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
орталық апаратында Корея Республикасының Үкіметінен COVID-19
пандемиясымен күресу үшін жіберліген гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті.
Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Корея
Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды.
Салтанатты рәсімге Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше
және Өкілетті Елші Ку Хонг-сок, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші
вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы, Ұлттық сараптама орталығының бас
директоры Балықбаев Қанат Олжабекұлы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры Арыстанов Нұрғали Алмасбайұлы
қатысты.
Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 19 қазанда гуманитарлық көмек ретінде
жіберліген 38 800 тестті өткізуге арналған Кореяда жасалған ПТР-тест
жиынтықтардың алғашқы партияның келуіне орай ұйымдастырылды.
Корея Республикасының Үкіметі жіберген ПТР-тест жиынтықтар партиясы Ұлттық
сараптама орталығының Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы бөлімшелерге, сондай-ақ
Түркістан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан бөлімшелерге
таратылатын болады.
Корея Республикасының Үкіметі жіберген гуманитарлық көмектің бірінші
партиядан басқа, 75 000 АҚШ долларға жуық сомаға FFP2 стандартты қорғаныс
бетперделер мен ДДСҰ ғаламдық жеткізу желісі арқылы (WHO Global supply chain) 300
000 АҚШ долларға жуық сомаға сатып алынған медициналық жабдықтар жылдың соңына
дейін жеткізілімі жоспарланған. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 800 000 АҚШ
долларын құрайды.
---------------------------------------------------------------------------------------
21 октября текущего года в центральном аппарате РГП на ПХВ «Национального
Центра Экспертизы» Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг
Министерства здравоохранения Республики Казахстан состаялась церемония передачи
гуманитарной помощи от Правительства Республики Корея для борьбы с пандемией
COVID-19.
Данное мероприятие было организовано Министерством здравоохранения
Республики Казахстан совместно с Посольством Республики Корея в Республике
Казахстан. В церемонии приняли участия Чрезвычайный и Полномочный Посол
Республики Корея в Республике Казахстан Ку Хонг-сок, Первый вице-министр
здравоохранения Республики Казахстан Шоранов Марат Едигеевич, Генеральный
директор РГП на ПХВ «Национальный Центр Экспертизы» Балыкбаев Канат
Олжабекович, директор департамента Азии и Тихоокеанского региона Министерства
иностранных дел Республики Казахстан Арыстанов Нургали Алмасбаевич.
Данное мероприятие было организовано в честь прибытия 19 октября текущего
года в Казахстан первой партии гуманитарной помощи в виде комплектов ПЦР-тестов
корейского производства для проведения 38 800 тестирований.
Данная партица ПЦР-тестов от Правительства Республики Корея будет
распределена по филиалам Национального Центра Экспертизы в городах Нур-Султан,
Алматы, а также в филиалы, расположенные в Туркестансой, Жамбылской,
Алматинской и Восточно-Казахстанской области.
Помимо прибывшей первой партии гуманитарной помощи от Правительства
Республики Корея, планируется до конца года дополнительно прибытие следующих
партий гуманитарной помощи в виде защитных масок стандарта FFP2 на сумму 75 000
долларов США, а также медицинского оборудования на сумму 300 000 долларов США,
закупленных посредством глобального канала поставок ВОЗ (WHO Global supply
chain). Обща сумма гуманитарной помощи составляет 800 000 долларов США.

