바로가기 메뉴 본문 바로가기 주메뉴 바로가기
Елшілік

Елшінің сәлемдесу сөзі

  1. Елшілік
  2. Елшінің сәлемдесу сөзі
1

Сәлеметсіздер ме?
Сіздерді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің сайтында қарсы алуға қуаныштымын.

1992 жылы Корея мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық барлық салаларда, соның ішінде саясат, экономика және мәдениет аяларында күшейе түсті.

2009 жылы елдеріміздің арасындағы қатынастар жаңа деңгейге – стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. 2017 жылы тауар айналымының көлемі 1,5 млрд. долларға жетті, ал Кореяның Қазақстандағы жинақталған инвестициялар үлесі 3,87 млрд.долларды құрады. Қазіргі уақытта Корея Республикасының 2500-ге жуық азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруда, 200-ге жуық корей кәсіпорындары Қазақстан аумағында жұмыс істеуде.

2014 жылы Корея мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жою келісімі және уақытша еңбек қызметі туралы келісімді жасасу, 2015 жылдың маусымында екі елдің астаналарына "Сеул-Астана" тікелей рейсін ашу - осының барлығы өзара қатынасуды ұлғайтуға және көптеген салаларда біздің арамыздағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өткім келеді.

Корея үшін Қазақстан Корей түбегінде бейбітшілікті нығайту мәселесіне жәрдемдесетін маңызды ел ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық саладағы, оның ішінде энергетикалық ресурстар, құрылыс, денсаулық сақтау, ақпараттық технологияларды қоса алғанда өзара тиімді әріптес болып табылады. Қарқынды экономикалық даму тәжірибесіне ие бола отырып, Корея Республикасы Қазақстанның индустрияландыруына өз үлесін қосуға ниетті.

Корея Елшілігі мәдени алмасу бойынша түрлі іс-шаралар өткізіп, елдеріміздің азаматтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға тырысады. Сонымен қатар, біз Кореяға барғысы келетін Қазақстан азаматтарына тиімді көмек көрсетуге ұмтылатын боламыз.

Сіздердің қолдауларыңызға шын жүректен үміттенемін.

Рақмет!

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Чжо Тэ-ик