바로가기 메뉴 본문 바로가기 주메뉴 바로가기

K-ETA жайлы ақпарат


K-ETA системасы басқа министрліктің қарауында болғандықтан елшілік жұмыскерлері K-ETA-ға байланысты сұрақтар жайлы консультация бере алмайды. K-ETA-ға байланысты сұрақтарыңыз болса K-ETA веб-сайтын мұқият қарап шығуыңызды сұраймыз (www.k-eta.go.kr).

 

  • 1)K-ETA - Корея Республикасында визасыз режимі бар елдердің азаматтары үшін міндетті электрондық кіруге рұқсат беру жүйесі (Electronic Entry permit). Визасыз режим келісімі бар 112 елдің азаматтары (Қазақстанды қосқандаКорея Республикасына рейстерге отыру талонын алу үшін алдын ала электрондық кіруге рұқсат (K-ETA) алуы тиіс.

  • 2)Сіз K-ETA-ны алуға онлайн режимінде ресми веб-сайт (www.k-eta.go.kr ) немесе мобильді қосымшасы (K-ETA) арқылы өтініш бере аласыз. (бір ғана ресми сайт баралаяқтар мен жалған сайттардан сақ болыңыз).

  • 3)K-ETA-ға бір өтінімнің құны 10 000 корей вонын құрайды (шамамен 10 АҚШ доллары).

  • 4)K-ETA-ны алу үшін қарау мерзімі шамамен 72 сағат құрайдыСізге K-ETA рұқсатын мүмкіндігінше алдын ала алуға кеңес береміз.

  • 5)Сіз K-ETA-ға жарты жылда рет өтініш бере аласызегер мүмкіндікте K-ETA берілмесеелшілікке C3-9 туристік визасын алуға өтініш бере аласыз.

  • 6)К-ETA рұқсаты 30 күнге дейінгі сапарларға 2023 жылдың шілдесіне дейін өтініш білдірген адамдар үшін жылға, 2023 жылдың шілдесінен кейін өтініш берген адамдар үшін жылға жарамды.

  • 7)17 жасқа толмаған және 65 жастан асқан адамдар K-ETA рұқсатын алудан босатылады. K-ETA рұқсатының артықшылықтарын алғысы келген жағдайда (мысалыкіру кезінде келу картасын толтырмау) K-ETA-ға өтініш бере алады және бұл жағдайда өтініш беру ақысы алынады.

  • 8)Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі K-ETA мерзімі аяқталғанға дейін аяқталса, K-ETA рұқсаты сіздің төлқұжатыңыздың жарамдылық мерзімімен бірдей күні аяқталған болып саналады. K-ETA рұқсатындағы төлқұжат ақпараты жарамды төлқұжат ақпаратымен бірдей болуы керек.

  • 9)K-ETA жүйесі туралы толық ақпарат алу үшін сайтты мұқият қарап шығуыңызды сұраймыз (www.k-eta.go.kr). K-ETA орталығы 24/7 уақыт бойы шет тілдерінде (орыс тілін қоса алғандаэлектрондық пошта арқылы консультация жүргізеді.

 

Корея Республикасы арқылы транзиттік рейс

  • 1)Корея Республикасының әуежайында транзиттік рейсі бар адамдарға төмендегі үш жағдайда K-ETA рұқсатын алудың қажеті жоқ:

әуежайды ауыстырудың қажеті жоқ

келесі рейс 24 сағат ішінде болады

- багажды өзіңіз алып-тапсырудың қажеті жоқ (авиакомпания оны өзі жасайды)

Егер жоғарыдағылардың бірі сіздің жағдайыңызға сай келмесесізге паспорт бақылауынан өту үшін K-ETA рұқсатын алу қажет.