바로가기 메뉴 본문 바로가기 주메뉴 바로가기

 

Визаға құжат тапсыру ережелері


Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі Қазақстанның солтүстікорталықбатыс және шығыс өңірлерінде ресми түрде тұратын тұлғалардан ғана виза алуға өтініш қабылдайдыОңтүстік өңірлердің (АлматыАлматы облысыЖамбыл облысыШымкентТүркістан облысыҚызылорда облысыЖетісу облысытұрғындары виза алу үшін Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығына құжат тапсыру қажет.

 

  • 1)Виза алуға құжат тапсырарда мекенжай анықтамасын да тапсыру қажет. Egov электрондық порталында сіздің тіркелген мекен-жайыңызтіркелген күніңіз және толық атыңыз көрсетілген жеке кабинеттің скриншоты түрінде тапсыруға боладыКөрсетілген мекен-жайға тіркелгеніңізге айдан артық уақыт өткен болуы керек.

  • 2)Шет елдердің азаматтары визаға құжат тапсыру үшін Қазақстан Республикасында тұру рұқсаты немесе Қазақстанда кемінде жыл тұрғанын растайтын құжаттар (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама және тб.) болуы қажет. F4 визасына тапсыратын Ресей Федерациясының азаматтары бұл талаптан босатылады.

  • 3)Визаға құжат тапсырарда визаға қажетті құжаттардың барлық тізімі болуы қажетқұжаттар жеткіліксіз болған жағдайда қабылдаудан бас тартылады.

  • 4)Визаға құжат тапсырарда құжаттар толық емес болған жағдайда ол виза беруден бас тартуға себеп болуы мүмкінЕгер өтініш берушіде қандай да бір құжатты ұсынбауға дәлелді себеп болсаол фактіні құжаттармен дәлелдеуді сұраймыз.

  • 5)Барлық қажетті формаларды алдын ала толтыруыңызды сұраймызЕгер визалық анкета толтырылмаған болса құжаттар қабылданбайдыЕлшілікте сіз қажетті формаларды толтыра алмайсыз (виза анкетасы және т.б.).

  • 6)Басқа адамдар үшін құжат тапсырған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат немесе құжаттарды тапсыруға рұқсаты бар компаниядан хат болуы қажетЖақын туыстар (ата-анажұбайбалалартуыстық қатынастар туралы құжаттың түпнұсқасын көрсеткен кезде бұл талаптан босатыладыБүкіл отбасы үшін өтініш берілген жағдайда отбасынан бір адам ғана елшілікке келіп құжат тапсыруына болады (әр отбасы мүшесіне құжаттар жеке-жеке жиналған болуы қажет).

  • 7)Қайта берілген барлық құжаттар үшін (туу/қайтыс болу/некеге тұру/ажырасу туралы куәлікарнайы органдардан алынған қосымша анықтама (архивная справкаболуы қажет.

  • 8)Елшілік сізден виза алғанға дейін авиабилеттерді сатып алуды талап етпейді (рейсті брондау жеткілікті). Сатып алынған авиабилет визаның дайын болу мерзіміне әсер етпейді.

  • 9)Консулдық ақы 2003 жылы және одан кейін шығарылған қолма қол доллармен ғана қабылданадыЖыртылғанескімыжылған және бөгде белгілері/мөрлері бар қолма қол ақша қабылданбайды.

  • 10)Консулдық ақы виза алуға өтінішті қарастыру үшін алынадыВиза   берілмеген жағдайда консулдық ақы қайтарылмайды.

  • 11)Ұзақ мерзімді (90 күннен астамвиза алуға өтініш білдірген адамдар флюорографиядан өтіпдәрігерден елшіліктің формасын толтыруды сұрауы керек (форма дәрігердің қолымен және мөрмен расталуы қажет). Құжат тапсырған сәтте флюорография айдан аспайтын мерзімде болуы тиіс. 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар флюрография орнына рентген суретін тапсыра аладыЖүкті әйелдер мен жасқа дейінгі балалар флюорографиядан босатылады. 6 жасқа дейінгі балалар педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтаманы және педиатрмен толтырылған және мөрменқолтаңбамен расталған елшілік формасын тапсыру қажетЖүкті әйелдер дәрігерден алынған жүктілігін растайтын анықтаманы тапсыруы қажет.

 

Виза статусын тексеру

 

  • 1)Визаға құжаттар тапсырғаннан кейін сіз виза алуға өтінішіңіздің статусын онлайн режимінде тексере аласыз.

  • 2)"KOREA VISA PORTAL" сайтына өтіңіз (www.visa.go.kr) "- порталдың басты бетінің сол жағында орналасқан "Check Application Status" басыңыз - "Check Application Status & Print" басыңыз - "Diplomatic office" таңдаңыз.

  • 3)Жеке ақпаратты енгізіңізпаспорт нөмірі (*Қазақстан Республикасы азаматтары нөмірдің басындағы "N" әрпін де енгізуі керек), аты жөні ағылшын тілінде (паспортта көрсетілгендей), туған күні - "Search" басыңыз.

  • 4)"Received" статусы сіздің өтінішіңіздің әлі де қаралу барысында екенін көрсетеді,"Approved"сізге визаның берілгенін көрсетедіал "Rejected" сізге визаның берілмегенін көрсетеді.

  • 5)Сізге виза берілген жағдайда "Approved" статусы болады және төменде виза туралы ақпарат көрсетіледіҚұжатты басып шығару үшін "Certificate" басу керек.

  • 6)Егер сізге виза беруден бас тартылған болсаонда "Rejected" статусы болады және төменгі жағында бас тарту себебі туралы ақпарат көрсетіледі.

 

Берілген виза туралы ақпарат

 

  • 1)2020 жыл шілдеден бастап визалық стикерлер паспорттарға желімделмейдіВиза алған адамдарға "Visa Grant Notice" деген бөлек құжат беріледіБасып шығарылған құжат ақ-қара түсте детүрлі-түсті нұсқада да жарамды болып саналадыОны Корея Республикасына кірген кезде паспорттық бақылауда паспортпен бірге ұсыну қажет.

  • 2)Құжаттағы "Number of Entries" елге қанша рет кіруге болатындығын көрсетедіОл бір реттік ("single") немесе бірнеше реттік ("multiple") болуы мүмкінЕгер бұл бір реттік виза болсасіз берілген виза бойынша елге тек бір рет кіре аласызал бірнеше реттік визамен қайта кіруден шектеулер жоқ.

  • 3)"Period of Stay" сіз кіргеннен кейін елде бола алатын кезеңді көрсетеді (90 күннен астам мерзімге берілген виза иелері үшін оны Корея Республикасының миграция қызметінде бейрезиденттерге берілетін ID картасын алу арқылы ұзартуға болады).

  • 4)"Validity Period of Visa" елге қашанға дейін кіруге болатын күнді көрсетедіЕгер ол күн өтіп кеткен болсасіздің визаңыз мерзімі өткен болып саналады және сіз ол визамен Корея Республикасына кіре алмайсыз.

 

 

Жұмыс уақыты

Құжат қабылдауДүйсенбі – жұма 9.30-12.00

Құжат беруДүйсенбі – жұма 15.00-16.00

 

Жұмыс уақыты тек құжаттарды қабылдау мен беруге арналғанелшілік қызметкерлері бетпе-бет консультациялар жүргізбейді.

Визаға құжаттарды қарастыру мерзімі айға дейін уақыт алуы мүмкін.

Виза және/немесе паспортты алып кету үшін жеке куәлік пен құжаттарды қабылдау барысында берілген түбіртекті көрсету қажет.

 

Консультация

Елшілік тек электрондық пошта (consular_astana@mofa.or.kr) және телефон

 (+7 (7172) 572-100, +7 (7172) 572-200) арқылы визалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізеді (дүйсенбі-жұма 9.00-12.30, 13.30-18.00).